Меркіт ұландарының Қытай мәдениетіне қосқан үлесі

Тарихи дерек

Қытайдың Юань патшалық дәуірінде Меркіт ұландарының Қытай мәдениетіне қосқан үлесі.

(Юань патшалығы 1279-1368)

  Шыңғыс хан қазақ тайпаларын бағындырғаннан кейін, ер азаматтарының көбі әскерге алынды. Мәдени білім алғандарды мәдени қызметпен айналысты. Шыңғыс хан ұрпақтары Юань хандығын құрып, тұтас қытайды билеген тұста, қазақтың біраз бөлімі Ұлы Қытай жазығына ауып барды. Олардың балалары Қытай мәдениетінен тәлім алды, Қытай мәдениетін, тарихын үйренді.Қытай мәдениетің үйрену арқылы мемлекетті басқару дәрежесіне жетті. Меркіт тайпасынан шыққан Баян Омарұлы, Мазартай Баянұлы, Тото Мазартайұлы т.б. Қытай мәдениетіне, тарихына үлес қосқан оқымысты, білімгер ретінде Қытай тарихынан орын алған.

Баян Омарұлы Юань патша ордасында жоғары лауазымды қызмет істеген. Саяси, әскери қайраткер.1

Мазартай Баянұлы— Юань патшалығының саяси қайраткері және әскери маманы. Өте білімді болған. 1337 жылы сол қол уәзір, 1340жылы бас уәзір қызметін атқарды. 1347жылы шілдеде 63 жасында ауырып, қайтыс болған.

Тото Мазартайұлы1314-1355шын есімі Тоқтай, қытайша “大用”2Да Юң. Тото қаршадайынан Қытай мәдениетін және Қытайдың пиодалдық билік түзімін қызу сүйетін отбасында есейіп-ержеткен. Қытай мәдениетінің құлағына сіңімді, көкейіне қонымды болуы осыдан еді. Бала күнінен зерек Тото Қытай тағылымшысы Ұжы Фаңнан қытайша классикалық, тарихи кітаптарды үйренген. Оның үстіне қара күштің алыбы, құралайды көзінен ататын мерген болған. 1331 жылы Юань патшалығының Вын зуң (тоқтемір)патшасы тұсында жолбарыс таңба беріліп патшаны жанқиярлықпен қорғайтын жасауылдардың қол басы болған. 1335 жылы Таң Чи Шы тобының ықпалы араласқаннна кейін де, жолбарыс таңбаны ұстап, патшаға төте қарасты жасауылдардың бас қолбасшысы болды, әрі сол қанат асулардың жасауыл мекемесін басқарды. Ол атасы Баянның ештеңеден жасқанбай“Басқаларға шен беретін, өлім жазасы берілген оқымыстыларды кешірім еткенін, ығайлар ме сығайларды мансапқа қойғанын, бейкүнәларды қырғанын, сайлауыттарды жеке емденіп алғанын, қазынаны қымқырып, әспенсіп кеткенін”байқайды. Тото атасының іс-әрекетіне наразы болды және алаңдайды да, әкесі Мазартайға “Атам тым әлінен асып барады, арада жаратқанның кәріне ұшыраса, әулетіміздің сорын қайнатады. Ертерек алдын алғанымыз жөн болар”дейді. Кесім айтуға батылы бармаған әкесі Тотоның ұстазы Ужы

Фаңнан ақыл сұрайды. Ужы Фаң ““Тура биде туған жоқ” деген сөз бар ғой, төре елге адал, мен пақыр оған не деп ақыл айтамын”3дейді. Әсілі Тото қаршадайынан атасының бағыменда ержеткендіктен, Баянға сүйіспеншілікпен қарауы керек еді. Бірақ, ол өзі бас болып, не үшін Баянды мансабынан алып тастамақшы болады? Мұндағы түпкі қайшылық мынада жатыр:аян мешеу көне күштерге уәкілдік етіп, өнімді жүргізіліп келе жатқан Қытай заңымен мен мәдениетін жоққа шығарумен бірге, Қытай мансаптыларын шетке қағуға ұрынады. Баян және Баянның сыбайластары қытайдың Жаң, Уаң, Лю, Ли, Джау секілді бес фамиляны қолданатындарының тұқымын құртуды қуаттаумен бірге, қытайлардың әскер тұғыл сүйемдей қару ұстауына жол бермеуді қайталай дәріптейді. Оның үстіне солтүстіктегілер оңтүстіктегілерді ұрса сұрақсыз болатыны жөнінде бұйрық түсіреді.”4 Ал Тото Қытай заңдары мен мәдениетін жете үйренгендіктен Юань патшалығын орнықтылыққа, құдіреттілікке жеткізу үшін Қытай заңдарын атқару, пиодалдық билікті орталыққа шоғырландыру керектіген терең сезінеді.Сондықтан бұл әсте жеке адамдар арасындағы бас араздық болмастан алға басарлық пен мешеулік арасындағы, Қытайларды қорғау және Қытауға қарсы тұру арасындағы күрес болып табылады. Іс төтенше айқын еді. Баян 1339жылы күзде патшаға арызданып:“Тото пақырлырыңыздың баласы бола тұрса да, қытайларға бүйрегі бұрылады да тұрады, мұны шаужайлап қоюыңызды өтінемін ”дейді. Патша :“Оның бәрі менің айтқаным бойынша істелген, Тотода күнә жоқ”дейді.5 Баян қытайлардың пиодалдық түзімін күшінен қалдыру дәмесінде болып, Қытайлардың заңын қолданған төрелер мен уәзірлердің мансабын төмендетіп алысқа айдады. 1340 жылы Тото Юань патшалыңғының Чун Дей патшасы Тоғантемірдің күшті қолдауцына ие болды. Тотоның жан-жақты жоспарлауымен Баян біржолата қуып шығарылды., оның сыбайластарыда аластатылды. Сонымен Чун Дей патша 1341 жылы Тотоны орда әкімшілік мекемесінің оң қол уәзірлігіне тағайындап, мемлекеттің маңызда істерін басқартады. Тото ілгері соңды екі рет он жылдан астам ол қол уәзір болады. Тото  бас уәзірдің көмекшісі сында маңызды міндеттерді атқара отырып, Баян жүргізіп келген Қытайларға қарсы тұру, Қытайларды шетке қағуды бірқатар ескі саясаттарды күшінен қалтырып, Кы Джуй түзімі бойынша дарындылаорды қабылдау заңын, патша ғибадатханасында төрт мезгіл бойынша тасаттық беруді қалпына келтіретіндігін, Ян бегі Ши Шы Тоңның намат делосын ақтайтындығын, Шуан Раң, Вей Шун екі бекті өздерінің бұрынғы еліктеріне қайтарып әкелетіндіген…жылқы базарын ашатындығын, тұз салығын азайтатындығын, қарызды кешірім ететіндігін, сонадй-ақ мектеп ашып тағылымшыл оқымыстыларды лекция сөйлейтіндігін жариялады.6 Сонымен оны шетелдіктерде, қытайларда кемеңгер уәзір деп атайды.

Тото қытай арасына терең сіңіп, тағылымшылықта жоғары өреге жетежді. 1343 жылы Ляу (907-1125, қыт.辽 ),Жин (1115-1234, қыт.金), Цоң (960-127, қыт 宋)патшалықтарының тарихын құрастырып жазу жөнінде жарлық түсіріліп, Тото бас сарапшы болып тағайындалды, әрі кітапті жазып аяқтайды.7Юань патшалығының соңғы кезіндегі ірі көлемді шаруалар көтерірілісінің туылуынан бұрынғы қолда бар тарихи деректерге сүйене отырып, Ляу, Жин, Цоң патшалықтарының тарихаын құрастырып жазып шығудың өзі Тотоның Қытай тарихына қосқан кесек үлесі болып табылады. Кейбіреулер “Үш тарихтың жазылып шығуында Тотоның еңбегі өз алдына бір төбе, мысалы, фактілерді саралау, қаражат дайындау сияқты жақтарда да, осы себепті уәзірліктен босауды талап еткенімен Ляу, Жин, Цоң патшалығының тарихы бас сарапшының еңбегіне тән еді”8деседі. Кезінде Ляу, Жин, Цоң патшалықтарының қайсысын дәстүрлі тарих деп қарау жөнінде үлкен айтыс туылады. Оның үстіне талас-тартыс тоқтамайды. Мәселе шешім таппайды. Тото Қытайға тән жерлерді бөлісіп алып билеген өкіметтердің нақтылы жағдайын шығар түйін ете отырып, тұжырымды түрде“Үш патшалықтың өз алдына дәстүрі, өз жылнамалары бар. Талас-тартысты қойыңдар мырзалар, бұған таласу орынсыз”9дейді, сондай-ақ Шун Дей патшаға Ляу, Жин, Цоң патшалықтарының “Әр бірінің өзінің тарихы болған”10 деген жарлық түсіруін ұсыныс етеді. Тотоның осы танымының өзін төтенше көрегендік деуге болады. Әрқайсысы өз алдына бір жағын дербес емденіп негізгі тарих тұрғызған. Түрліше ұлттардың қыруар материалдарын сақтап қалып, соңғылардың ғибрат алуына мүмкіндік тудырған, сондықтан, осы факті жөніндегі шешім Тотоның еңбегі екендігін айтқан жөн.

Тото оқу-білімге жетілгендіктен өзі билік ұстаған кезде тағылымшылықты уағызлдап, кы джуй түзімі арқылы дарындыларды саралауды жан-жақтылы дәріптеумен бірге, дәстүрлі әдебиет пен дәстүрлі тарихты көбірек үйрену жөнінде патшаға қайта-қайта ұсыныс қойып отырған. Тото 1349 жылы орда әкімшілік мекемесінің оң қол уәзірлігіне қайтадан тағайындалған соң би, төре, уәзір қатарлылардың тағылымшылықты үйренуін онан ары дәріптеген.

Хуаң хы өзені әрі үлкен, әрі ұзын өзен болғандықтан пиодалдық дәуірде оны жөнге салу, тізгіндеу мүмкін болмай, табиғи апаттың қайнарларының бірі болып келген. Тото қайта уәзірлікке тағайындалған соң, Джя Лудың айласын қолданып ұрылып кеткен тоспаны бөгеуге бекиді. Бұл жұмыстың жауапкершілігін өз үстіне алады, әрі ұлықтарға:“Патша халық үшін қайғыруда, уәзір болған менде бұл қайғыға ортақпын, алайда, бұл өте ауыр жұмыс, сіңісті дертті емдеу қиын, ежелден келе жатқан су апатын оңау тіпті де қиын, мен осы дерттей жабысқақ апатты оңауға бекініп отырмын”11 дейді. Кейбіреулер қарсы тұрған болса да, Тото батыл түрде Джя Луды қүұрлыс істерін басқарушы бек етіп тағайындауды ұсыныс етеді. Өзен қорғаныс құрылысын жүргізу үшін ол батыл кірісіп, 170000 армиямен халықты ұйымдастырып, Хуаң хының 140 км-лік арнасын аршып, сегіз ай тайсалмай шайқас жасап, жұмысты тындырымды бітіріп. Хуаң хыны арнасына салады. Шун Дей патша оның еңбегін сыйлайды әрі атадан балаға мұра болып қалатын“Тархан”атағын береді.

Юань патшалығының соңғы кезінде ұлттық қайшылық пен таптық қайшылықтың күн сайын асқынуы 1351 жылы диқандардың зор көтерілісін туғыздырды…Астана халқын ашаршылық қыспағына түсірді. Жағдай игерген Тото Шун Дей патшаға :“Астана маңындағы өңірлердің жері ыңғайлы, суы қолайлы, Шаң Джяңның оңтүстігіндегі бұқараны жөткеп егін салдырсақ, жылына миллион даданнан астам астық аламыз.Осылай істесек су жолы мен астық тасу қамынан құтылып, астананы жеткілікті астықпен қамдай аламыз”12деген ұсыныс береді. Ұсынысты қабыл көрген патша Тотоны әмірбек (әмірбек Юань патшалығы тұсында ауыл шаруашылығы, су құрлысы, мектеп, апаттан сақтану қатарлы істерді басқаратын ұлық)етіп сайлап, оның бастауында су жолын түзеп, егін салып қиыншылықтан құтылады.

Тото Юань патшалығының соңғы кезіндегі аласапыран жағдайларда да тұтастықты қорғады…Ол Юань патшалығының соңғы кезіндегі атақты саясатшы, көрнекті тарихшы. “Юань патшалығы тарихында”оған былай баға берілген:“Білімі ұшан теңіз, білмейтіні жоқ, Отанға үлес қосқан, опасыздық жасамаған, қараша мен ұлықтарды тең көрген, тәкапарлық істемеген, мал-мүлікке көз қырын салмаған, зинақорлыққа жуымаған, оқымыстыларды қадірлеген”13.

Тото патшаға, халыққа адал болсада, билеп-төстекшілер арасындағы бақ таластықтан аулақ бола алмады. Жасырын қастандықтың қақпанынан 1355жылы желтоқсанда Хама Джяу жау жағынан Тотоның Да Ли қаласында у беріп өлтіреді. Өлгенде 42жаста ғана еді. Содан кейін-ақ Юань патшалығының соңғы кезіндегі қатерлі жағдайды оңау мүмкін болмады. 1366 жылы бас бақылаушы Шың Ну, Есен, Са Ду, Чи Лы қатарлылар күрсіне:“Қанпезерлдердің астасып уәзір ағзамға қастандық жасауы, жау алдында сардар алмастыруға апарып соқты. Содан бастап еліміз әскерлерінің жауынгерлік қуаты әлсіреді, қаржы және астық таусылды.Егер Тото өлмеген болса бүгінгі осы аласапырандық болмас еді ”14 деп күрсінді. Бұдан Тотоның Юань патшалығының соңғы кезіндегі саяси жақтағы маңыздылығын байқауға болады. Оның мұндай табыстарға қол жеткізуінің себебі- онда мол білім, ұлы мұрат болғандығынан тарих ағымына сәйкесіп, ұлттық ұшқары көз қараста болмай жаңа жағдай жаратқанында… міне бұл бір саяси қайраткер дайындауға тиісті ақыл-парасат және мұрал есептеледі.

Меркіт руынан осынша маңызды әйгілі тарихи және мәдени тұлғаның жарыққа шығуы Юань патшалығы дәуіріндегі қазақ мәдениет тарихындағы жарқын шұғыла болып қалмастан, Қытай мәдениет тарихынада өшпес еңбек сіңірді.

Кейін Тотоның қастандықпен обалды өлтірілгендігі анықталып, зиянкестік істегендер жазаға тартылып, екі ұлы астанаға шақырылып қызметке отырады.

 

 

Дереккөздер                                           

  1. “Юань тарихы”11 кітап, 3335 бет. “Баян өмірбаяны”. Аудармасы:Айдын Керінбайұлы, Мұра журналы, 1996 жылы 3-сан.
  2. Да Юң Рен Зуң патша оны ұнатып, Да Юң болашақта үлкен істерге жарайды деп ат қойған.
  3. “Юань патшалық тарихы”138 том. “Тотоның өмірбаяны4”.
  4. Жиан Бо Зан құрастыруға жауапты“Қытай тарихынан шолулар” халық баспасы, 1979 жылы, 133 бет.
  5. “Тотоның өмірбаяны”
  6. “Тотоның өмірбаяны”
  7. Таныстырылған деректерде “Ляу тарихы” 116 том , “Жин тарихы”115 том, “Цоң тарихы” 496 том Тото бас меңгеруші болудан тыс, жазу, түрге айыру, жинақтау, салыстыру, редакциялау және қаржы топтауға дейін өзі тікелей араласты делінген.
  8. Пың Джя Шиң:“Ляу патшалығы тарихындағы үш түрлі жансақтылықты түзету”Қытай кітап мекемесі, 1959 жылы.
  9. “Би Шиң Джяң жинағы”2том, “Тие Я мырзаның өмірбаяны”.
  10. Щяу Юань Пиң “Юань патшалығын түрге айыру” 10 том, “Шун Дей патщаның өмірбаяны”.
  11. “Тотоның өмірбаяны”
  12. “Тотоның өмірбаяны”
  13. “Тотоның өмірбаяны”
  14. Материал Шиң Жяң университет профиссоры, тарихшы Су Би Хайдың “Қазақ мәдениетінің тарихы”кітабынан алынған.

 

 

 

Ұсынушыдан сөз.

    

Тотоның жазған еңбегі, өз заманында ғана емес, қазір де көп ой туғызатыны анық. Оның Қытайдың үш жүз жылдай өмір сүрген үш патшалығының тарихын жинақтап жазуы шынында да таңғаларлық. Қазақ халқы сол заманның өзінде білім деңгейінің жоғары екендігінің айғағы. Осылай таңғалдыра басқа елдің тарихын жазған Тотоның өз атабабасы және халқы жөнінде жазып қалдырғаны мұрағаттарда бар екеніне кәміл сенемін.

Қазақстан Республикасы қазақ халқының тарихы 1917 жылдан бастау алады деушілерге дәлелайғағаымен өз тарихын әлемге паш еткені бәрімізге аян. Ал, жеті жүз жыл бұрын қазақ халқының аспан асты елінің тарихын жазып қалтыру қазақ хақының немесе Қазақстан Респубикасының әлемдегі орнын тіптіде асыра түскендей. ҚРсы өз тарихын зерттеп, жазып жатқан кезде, Тотоның бұл еңбегін алтын әріппен жазып, келешек ұрпаққа жеткізу бізге міндет деп қараймын.

 

Меркіт тектелкесінен үзінді алып, толықтырып,

кириль әріпі арқылы жазып, сіздерге ұсынған

Нұрақымет Сейтзадаұлы

Алматы қаласы.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *