Меркіттер жайлы аз сөз

Шығу тегі

 

Меркіттер– ежелгі түркі тайпасы. Орта жүз Керейдің ішіндегі бір ру.

Кейбір зерттеушілердің айтуынша, “Меркіттер” атауы Мэргэд (Мерген – түбір сөзі де, “д” – тунгус-моңғолша көптік жалғауы) ұғымынан шыққан. Өйткені Меркіттер “құралайды көзден атқан” хас мергендер болған. Рашид ад-Диннің айтуынша, Меркіттер ерте орта ғасырда мемлекет құрған. Олар 9 – 10 ғасырларда “Цзубу” одағына қарайтын 18 тайпа құрамында қидан билігінде болған. Байкөлден (Байкал) Селенга өзенңнің орта бойы Орхонға дейін, Бүрэн жотасы, Хан тауы, Қасқа бүркіт жотасы, Ноян, Дэлгэрхан жотасын мекендеген. Үш меркіт одағы (Мэә-Ли-Зи) 11 – 12 ғасырларда ерте мемлекеттік құрылым (ұлыс) деңгейіне көтерілді. Ұлысты Тудур Билге Чигин басқарып тұрған шақта әскері үш топқа бөлінген. Тоқтыбектің (Тоқтабек) тұсында өзіндік орда гвардиясы болғаны жайлы дерек бар. Меркіттер көрші наймандармен тату-тәтті өмір сүрді. Керейттер (керейлер) Меркіттерді төрт дүркін шапқан. Шыңғыс хан бастаған боржигендер тарих сөресіне шыққан тұста оларға ең әуелі қарсылық көрсеткен Меркіттер болды. Олар 1178 жылы Тэмужиннің (Шыңғыс хан) жаңа түскен келіншегі қоңырат қызы Бөртені қолға түсірді. 1179 жылы Шыңғыс хан Меркіттер ордасына тұтқиылдан шабуыл жасады. Бұл тарихта Бугур-Кегер шайқасы деп аталды. Осы шайқастан кейін Меркіттер Орталық Азиядан ығыстырыла бастады. Тоқтыбек бастаған Меркіттер 1205 жылға дейін моңғолдарға қарсылық көрсетіп, қазіргі Солтүстік Қазақстан жеріне шегінді. 1218 жылы меркіттерді қуып барған Шыңғыс ханның ұлы Жошы Ырғыз өзені бойында қыпшақтармен соғысып, Хорезм шаһ әскерлерімен кездесті. Меркіттердің көпшілігі қырылып, аман қалғандары Шыңғыс ханға бағынды. Қазіргі кезде Орта жүз керей тайпасының құрамында меркіт руы бар.

1 thought on “Меркіттер жайлы аз сөз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *