Меркіттердің керей тайпасына қосылуы

Тарихи дерек

Меркіттің атақты ханы Тудур Билге Чигиннің билігі кезінде Үш меркіт одағы (Мэә-Ли-Зи) 11 – 12 ғасырларда ерте мемлекеттік құрылым, ұлыс деңгейіне көтерілді. Тудурдың баласы Тоқта Бек хан 12-13 ғасырларда Селенгі өзенінің бойында солтүстікте Қырғыз, Ойраттармен, оңтүстікте Кереймен, шығыста Найманмен, батыста Моңғолдармен шектесетін меркіттің алып ұлысын құрады. Кей деректерде айтылуынша, сол кездегі меркіттерде төрт ірі тайпа болған екен: Охыз, Мұдан, Тудақлин және Жииүн.

Моңғол- түркілер сахарасындағы негізгі күштер — Керейлер, Наймандар, Уақтар, моңғлолдар және Меркіттер арасындағы соғыс үздіксіз болып отырды. Тарих сахынасына Бөржігіндік Темучин келуі Меркіттердің алтын дәуірінің аяқтап келе жатқандығының белгісіндей болды. 1179 жылы Шыңғысхан мен Меркіттер арасында Бугур-Кегер (Бұғыра-Кере) шайқасы болды. Осы шайқастан кейін Меркіттер Орталық Азиядан ығыстырыла бастап, қазіргі Солтүстік Қазақстан жеріне дейін шегінді.

1208 жылы Шыңғысхан Ойраттардың жол бастауымен Ертіс өзені бойына бекінген меркіттерге шабуыл жасап, Тоқтабекті өлтіреді. Осы соғыста ерен еңбек көрсетіп, аса мергендігімен көзге түскен Тоқта Бектің баласы Қолтуған әке өлімінен соң Қыпшақ жеріне шегінеді.
Қолтуғанды қолға түсірген Жошы оның мергендігіне қызығып, Шыңғыстан оны алып қалып, моңғолдарға қызмет еткізуді қайта-қайта сұраса да, өзіне қан жақындығы бар, өзінің тегіне қатысыты ата жауының баласын есікте ұстауды жөн көрмеді қаған. Ақыры, оны өлтіріп тынды.

1218 жылы меркіттерді қуып барған Шыңғыстың ұлы Жошы Ырғыз өзені бойында Меркіттердің көбін қырып, аман қалғандарын Шыңғыс ханға бағындырады. Одан қалған бөлімі батысқа қоныс аударып Керей еліне қосылған. Осы Керейге қосылған қазақтар өніп-өсіп қазіргі Абақ Керейдің он екі ірі атасының біріне айналған.

 

Мұратқан Махметұлы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *