БӨЛКЕНДІК  ЕСЕНҚҰЛҰЛЫ 

Тұлғалар

БӨЛКЕНДІК  ЕСЕНҚҰЛҰЛЫ  ( 1845 – 1908 ж  )

 Ғасырлар  қоинауының  сан  тарау   соқпақтарына  көз  жіберсек ,  өтпелі  дәуірдің    өнегелі  жадынамасынан  тарихый  дәлел  —  дәиектерімен  аты  аңызға  айналған ,  Меркіт  руының  Лепесінен  шыққан  Әлдеке  деген   атадан  тарайтын,    Бөлкендік  Есенқұлұлы —  Қазақ  Абыздары  шоғырындағы  өзіндік  бедел – бедері  айқын  дара  туған  дарабоздардың  бірі  ғана  емес,  бірегейі  болып  табылатын  көрнекті  тұлға .

Байлығына  тектілгі  сай , тәрбиелі  шаңырақтан   өркен  жәйіп  өнеге  алған  һәм  өрісі  кең  өнегелі   – ортааның  тағылімі,  бөлкендікке де  жастайынан  жұғысты  болған-ды .  17 —  нші  ғасырдың  соңғы  жылдары    ел —  жұрты   талапты  тұлегіне « жас  болсаң да    халайыққа    бас  болғын »  -деп , Бөкеңді   қолдап  – қолқалауымен  ел  ісін  басқарыуды  қолына  тапсырады .

1870  —  жылдары  орыспен  қытай    Қазақ  жерін  бөліп  алып  билей  бастауы  қалыптаспай  тұрған  Қазақ  әлемі  тәуелсіз   заманда,   кең –байтақ  Қазақ  даласынан  жұрт  жәңалаған , Мамырбек  төренің  қоластына  қарайтын  сахаралық  бұқара , Майлымен  Жәйірға  ірге  теуіп  қоныстай  бастаған   дәуірдің  өзінде – ақ ;  Мамырбк  төренің  қол  астына  қарайтын  жеті  зәңгілік  (болыстық  деңгейдегі  әкімшілік   құрылым )  іргелі  рулар   «Керейдің  үш  босағасы »  аталған  ел  басқарудың  үш  кісіден  құрам  тапқан  « ақылдстар   алқасының  »  үш   беделды   тұлғаның   ( Мамырбек – төре  Көгедаев  ,  Көбен ,   Бөлкендік)  бірі  Бөлкендікті  сол  дәуірден   бастап,  байлығымен   әділдігі,  ақыл —  прарасатына  шешенндігі  сай  Бөлкендікті,  халық  болып   қауым  болып  « Керейдің    ұйтқысы»  деп  таный  бастайды . Бөкеңнің  адамдар  арасндағы  сыпайылығы,  мінез  құлқы  әр  алуан  адамдармен  үйлесімді  қарым  қатынас  жасай  отырып ,  қол   астыедағы  қауыммен  дұрыс  тіл  табыса  білетін  елжарастық  өнегесі  туралы  бұрынғырардан  бізге  жеткен  өнегелі  өмір  салты  өте  мол – ақ .  Сол  аңыз  рауяттардың  бірінде ,  Шәучектің   « Жамбыл»  деп  аталатын  мәртебелі  ұлық —  Губернаторларының  бірінің    жұыс  бабыпдағы  шақырыумен    түнқатып  жолға  шыққан  Бөлкендікті ,  даланың  баукеспе  ұры —  қарақшылар,  Бөкеңнің  астындағы  сұліктей  сұлыу  жорға  атын ,үстіндегі  30  біиенің  құнына  тұратын   құндыз  кұскен   алтын – кемерлі  тон –ішігін ,  әмян  толы  алтын  күміс  ақшасын,  құны  ат  қосақтаған  атан-  түйелік  саптамасына  дейін  сыпыра  тонаған  жырынды  топ  көп  ұзамай   қолға  түсіп ,  Бөлкендіктің  алдына  әкелінеді  .  Сонда  алдына  айдалып  келген  қылмысты  тоқа  әзілге  шаптырған  ақжарқын  күлкісімен  «  Уа  жігіттер,  ел  аман  жұрт  тынышта  бұларыңа  жол  болсын !  Мен  сендерге  қаймал  жетектеген  қатын  емеспін – ғой ,  Ойдайт  дегенің !  іргелі  елдің

— 2 —

пілдей  Зәңгісін  түн  жамылып   тонғндарың   кісілікке  жатпайды-ғой , Онанда  маған  келіп ,  жөн  жосықтарыңды  айтсаңдар ,  өз   қолымен  қажеттеріңді    берер  едім –ау ,  бұдан  былай  ұрлық  түбі – қорлық ,  тону  түбі – топастық  екенін  біліп ,  жәйін  жатқан  жалпақ  елді  шулатпай  тек  жүріңдер» – деп  ұрыларға  кешірім  жасап,  босатып  қоя  берген  екен .           /     Бөлкендік  ел  басқарған  тұста ;  Жер  дауы ,  жесір  дауы ,  тағдырға  тағат  сұрайтын  құн дауын   ақыл  парасатпен  айғай  шусыз  һәм  әр  тарапты   «мақұл»    ете  білетін  шебер де  әділ  қазылық   арқылы  шеше  білгені  туралы  ел  ішіне  аңыз  болған  әңгімелерде  жетерлік .  Бөлкендік  өз  дәуірінің  тамырын  ұстап  ағайын  туыс  ,  бала – шағаның  тіршілік  тынысын  барлай   білетін  көріпкел  сыншы  кісі  екен .  Бөкеңнің  батасын  алып  бағы  жанған  ел  азаматтарымен  тұқым  жұрағаты да  бір  талай  аңызбен  ақйқаттың  сорабынан  соны   хикаялар     мол  -ақ .

Өмірде  түйгенімен  тындырғаны  мол   Бөкең    Жидемен  Жеті – обаны  қоныс  етіп,  Жиденің     құнарлы  алқабына  бидаймен  тары  егіп,  қалайықтың  нан  молшылығын  жасап ,    Меркітті  төрт  тұрманы  түгел  өрісі  малға  толы  дәулеті  дөңгелеген  қауымға   айналдырады .  халқына  Алланың  хақ  дінін  уағыз   етіп , Ырздықпен  берекені    татыулықпен  қайырымдылықты   ел  жұртының  санасына  сіңіріп  ,  Келгенбай  молланы  алыстан  шақырып  әкеліп ,   Меркіт  азаматтарын « Иман  шарттан»  сауаты  ашық қауымға  айналдырып ,  Қазақ  тарихының  айтыулы  жаңалығы  Лабадан   жаңа  заманға  сай  мектеп  ашып,  еліне   Білімнен  шырақ  жағады.   Ел  жұртын  дөңгелек  дәулетті  іргесі  бүтін  ынтымағы  жарасқан  ауыл – аймаққа  айналдырады .

« Ер  қадырын  әр  қашан  елі  білгендіктен » әр  қашан  ауыз  бірлігі  бар  берекелі  ағайын     «  Ет  жақсысы  қарта  еді ,  негізіне  тартады»   деген  аталы   сөзді  ада  еткен  бүгінгі    Меркіттер ,   Ата  — бабаларының  тарх  қойнауынан  жеткен  өнегелі  өмірін  ардақтай  отырып,  , Майлымен  Жәйірдің  төрт  тарапына  толықсып  өскен;   Барлық  бауарайын  ендей  көктеп ,  Шағантоғаймен  Құлыстай  шегіне  деиін     өркендеген  Сүйектес  ағайын,  қандас  бауырлар  2006  жылы  ЖЕТІӨБАДАҒЫ  Бөлкендік  хажының      соолақай  сотқарлар  заманында  көп  жыл  қараусыдау  қалған  қасиетті  зират — қабірстанын    қайтадан  жөндеп ,  ғасырлар    қойнауынан    халқына  қадырлы    Керей – Найманның  берекелі  қауымы,  шүбырып  келіп   дұға  өқып  тәу  ететін  осы  бір   киелі  беиітті ,ел  жұрт  ұрпағы  бас  қосып , Бөлкендік   сынды  көренкті  қоғам  қайраткерін  ел  жадынан  шығармау  мақсатында   Жетіөбаның  тархый  кесенесін  қайта  тұрғызды. Меркіт  балалары  Бөлкендік  бабамен  Қарабураның  Мұқырындағы  « Меркіттер  қабырстанында »  жақан  Байақын – Абыз   қатарлы  Ата- баба     рухына    «Құран  Хатым »  түсіріп,  Тарбағатай  өңіріндегі  отандас  қауымға   ұлы –жіңгір  үлкен  АС  берді .

Тілеухан   әл-МАЖЕНИ –дің  жеке  зарттеу  жұмыстарынан  дәиек  көздері

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *